Жалдамалы жұмыскерін қатыгездікпен ұрғаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ер адам иесінің үйінде отын жағушы болып жұмыс жасаған.

Ауызша жасалған келісім бойынша үй иесі жұмыскерді үй-жаймен және азықпен қамтамасыз еткен, ал жұмыскер өз кезегінде түрлі үй шаруасымен  айналысқан.

2016 жылдың 15 ақпанында үй иесі отын жағатын бөлмеде жұмыскерді отын жақпағаны үшін ерегісіп, қасақана күрекпен бірнеше соққы жасап, оның денсаулығына ауыр зиян келтірген.

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының үкімімен сотталушы жасаған қылмысы үшін кінәлі деп танылып, ҚР ҚК 106 бабы 3 бөлігімен 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі