Ұрлық бойынша іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 2017 жылдың наурыз айында «ҚР Президентінің іс басқармасы медициналық орталығы» МШБ қызметшісі жұмыс орнында гардеробқа жасырын кіріп, әріптесіне тиесілі құндыз ішікті ұрлап, 406 000 теңгеге материалдық зиян келтірген.

Сот талқылауы барысында сотталушы мен жәбірленуші арасында материалдық зиянның орнын толтыруына байланысты медиациялық келісім жасалған.

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен тараптардық медиация тәртібімен татуласуына байланысты, сотталушыға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

 Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі