Тараптарды медиация тәртібінде татуластыру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Алматы аудандық сотында аз-ша Ч-ның талап қою арызы бойынша  Қ-ға қатысты некені бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.  

Азаматтық істі қарау барысында тараптар татуласуларына байланысты соттан іс бойынша өндірісті тоқтатуды сұрады. 

Ұсынылып отырған медиация тәртібінде тараптармен бекітілген медиативтік келісімге сәйкес, талапкер Ч. отбасын сақтау мақсатында некені бұзу туралы талап арызынан толықтай бас тартты. 

Осы келісім тараптардың адалдығы және еркіндігі қағидаларының негізінде орындалуға жатады.

Іс бойынша өндіріс тоқтатылды. 

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі