Сыбайлас жемкорлық құқық бұзушылықтардын салдарын жою

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының Есіл аудандық сотында сот қызметшілерінің қатысуымен «Сыбайлас жемкорлық құқық бұзушылықтардын салдарын жою» атты семинар сабағы өтті.

Семинар сабағы барысында, бас маман Л.Асқарова сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың салдарын жою процесі 2015 жылы 18 қарашада қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңмен реттелетінін атап өтті.

Осылайша, жоғарыда аталған заңның 4-ші тарауы толығымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарын жоюға бағытталған іс-шараларға арналған.

«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар нәтижесінде жасалған мәмілелер, шарттар, уәкілетті мемлекеттік органдардың, мүдделі тұлғалардың немесе прокурордың талап қоюы бойынша сот Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен жарамсыз деп таниды», - деп толықтырды Л.Асқарова.

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі