Судьялар кәсіби медиаторлармен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сарыарқа аудандық сотында судьялар «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ-ның кәсіби медиаторларымен медиация институтын дамыту жолдарын талқылады.

Кездесуде сөз сөйлеген судья Л.Сейтмұхамбетова, медиацияның уақытты үнемдеу бойынша артықшылықтарын айтты. Медиация дауларды шешуде тиімді ғана емес, тараптардың еңбек ресурстарын да үнемдейді.

Кездесу барысында қатысушылар медиация тәртібімен дауларды сотқа дейін реттеу бойынша пилоттық жобаның іске асырылуын талқылады, ол биылғы жылдың соңына дейін созылған. Сонымен қатар, медиаторлардың өмірлік тәжірибелерінен нақты мысалдар келтіріліп, дауды ыңғалы шешудің және араздасқан тараптарды бітімгершілікке келтірудің әдіс тәсілдері көрсетілді.

Өткізілген іс-шараны қорытындылай келе, судья Л.Сейтмұхамбетова, «Медиация институтын дамыту, оны сауатты насихаттау мен осы рәсімнің артықшылықтарын түсіндіру жұмыстары айтарлықтай сот даулары санының қысқаруына әкеледі, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін көтеріп, азаматтық қоғамда дауларды төмендетуге мүмкіндік береді»,- деді.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі