Сот регресс тәртібімен залалды өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

АҚ «Казахмыс Сақтандыру компаниясы» азамат Е-ден регресс тәртібімен 500 000 теңге көлемінде зиянды қалпына келтіру туралы талап- арызы бойынша сотқа жүгінді.

Жауапкер өзінің «Hyundai Accent» маркалы көлігін сақтандырады, содан кейін сақтандыру полисін алады.

2016 жылы 21 қыркүйекте аз.Е. өз автокөлігін басқарып келе жатып, жәбірленуші Д.-ның автокөлігімен соқтығысады.

2016 жылы 19 қазанда Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен аз. Е.-ні 1жылға көлік басқару құқығынан айырды.

Талапкер өз міндетін орындады және Д.-ның есептік шотына сақтандыру төлемін жасады.

ҚР АК 917 бабы бойынша, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк немесе мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарына заңсыз iс-әрекеттермен (әрекетсiздiкпен) келтiрiлген (мүлiктiк және (немесе) мүлiктiк емес) зиянды, оны келтiрген тұлға толық көлемiнде өтеуге тиiс.

Астана қаласы Алматы аудандық сотының шешімімен жауапкерден талапкердің  пайдасына регресс тәртібімен залал өндірілді.

Шешім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі