Сот пәтерді су алып кету себебінен келтірілген шығынды өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ер адам өз пәтерін су алып кетуіне байланысты Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотына көршісіне қатысты талап арызбен шағымданған.

Суық су кранының бұзылуынан талапкердің пәтерін су алып кетіп, соның салдарынан материалдық шығын келтірілген.

Дегенмен, судың алуы мен келтірілген зиян көршісімен даусыз шешілуіне қарамастан, жауапкер тарапынан материалдық зиянды өтеу бойынша шаралар қолданылмаған.

 Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 42 бабы 9 тармағына сәйкес, егер кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын тұлғалардың, сондай – ақ тұрғын үйдің ортақ мүлкін күтіп – ұстау және пайдалану жөніндегі міндеттерін орындамайтын немесе тиісінше орындамауы салдарынан үй-жайлардың меншік иелеріне шығын келтірілсе, осы тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шығындарды өтеуге міндетті.

Сот іс материалдарын зерттей келе, жауапкерден келтірілген залал үшін 38 947 теңге өндірді.

Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі