Сот «АТ компанияларының Қазақстандық Ассоциациясы» Ассоциациясының талап қоюынан бас тартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «АТ компанияларының Қазақстандық Ассоциациясы» Ассоциациясының «ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті» ММ-ға қатысты монополияға қарсы заңнаманың нұсқамасын заңсыз деп тану және бұзуды тоқтату туралы өтініші бойынша азаматтық іс қарады.

АТ компанияларының Ассоциациясы тіркеуші фирмалардың барлығы үшін қазақстандық домендерді тіркеуге ең төменгі баға белгілеу туралы бұйрық шығарды, осылайша бірден тарифтерді екі реттен аса көтеріп жіберді. Монополияға қарсы комитет бұл бұйрықтың күшін жойды. Өз талаптарын Ассоциация нарыққа қатысушы болып табылмайтындықтан, монополияға қарсы заңнама оған қолданылмайтынын негіздей келе, монополияға қарсы органның шығарған шешімін заңсыз деп тануды талап ете отырып, сотқа талап қою берді. Монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықты тергеу барысында алынған тергеу материалдары, Ассоциация жауаптары, сондай-ақ өзге де мәліметтер Ассоциация іс-әрекетінде белгіленген бағаға алып келетін нарық субъектілерінің экономикалық қызметін үйлестіру фактілері бар болғанын көрсетеді.

Сотта Ассоциацияның бағаларды белгілеуге өкілеттілік бермегені анықталды, сонымен бірге өзінің қызметімен үшінші жақтың қарым-қатынасын реттейді.

Ассоциацияның нұсқамасын шығаруға Комитеттің өкілеттігі жоқтығы туралы өтініш берушінің дәлелдерін, соңғысы нарық субъектісі бола алмайтындықтан, сот айғақсыз деп таныды.

Сот шешімімен АТ компаниялары Ассоциациясының талап қоюынан бас тартылды.

 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі