Сот қарыз сомасын өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2015 жылы желтоқсан айында қала тұрғыны танысынан толық көлемде қайтару міндетімен қарыз алған.

Ақшалай қаражатты беру фактісі қарыз шартымен расталады.

Алайда, қала тұрғыны шарт бойынша міндеттемесін орындамады, ақшалай қаражатты қайтармады.

ҚР АК 272 бабына сай, заң талаптары және міндеттеме шарттарына сәйкес міндеттеме тиісінше орындалуы тиіс.

Астана қаласы Алматы аудандық соты талап арызды қанағаттандырып, талапкердің пайдасына қарыз сомасын өндірді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі