Сот кабинеті және оның мүмкіндіктері

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Астана қаласы Алматы аудандық сотында «Сот кабинеті және оның мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына сот судьялары мен мамандары, Евразиялық банк, «Цеснабанк» АҚ, «Тараз» ПИК, «АТИ Сервис» және «УК Территория Комфорта-2» ПИК-тің өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында сот төрағасының м.а. М.Қасымова, «Сот кабинеті» ақпараттық сервисін енгізудің негізгі қағидаларының бірі – азаматтардың сот жүйесіне қолжетімділігін, сонымен бірге сот органдарының ашықтығын  қамтамасыз ету болып табылатындығын айтты. Ақпараттық сервис қолданушыларға үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, сотқа талап арыз, өтініш және пікір қалдыруға мүмкіндік береді.

Алматы аудандық сотының бас маманы М.Сембеков «Сот кабинеті» ақпараттық сервисіне тіркелу ЭСҚ, ЖСН және БСН арқылы, сондай-ақ, пароль көмегімен   іске асырылатындығын айтты. Заңды тұлғаның өкілі өтінішті БСН арқылы береді.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар ақпараттық сервис мүмкіндіктері бойынша пікір алмасты.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі