Сот актілерін орындау мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында  сот актілерін орындау кезінде жеке сот орындаушылары  қызметінің мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға сот судьялары, Астана қаласы Есіл ауданы прокурорының көмекшісі В.Кемелбеков және Астана қаласы бойынша жеке сот орындаушылар аймақтық палатасы бастығының орынбасары А.С.Рапих қатысты.

Жұмыс барысында қатысушылар сот шешімінің орындалу мерзімі мен сот орындаушыларының жұмыс механизмін талқылады.

А.С.Рапих жеке сот орындаушылар өз лицензиясы бойынша жұмыс атқаратынын, сот актілерін орындау үшін борышкердің ЖСН-ны бойынша сот орындаушыларға бөлінетіні туралы айтты.

Сонымен қатар, В.Кемелбеков жеке сот орындаушыларымен тоқсан сайын борышкерлерден берешек сомасын өндіруге қатысты өзекті мәселелерді талқылау  бойынша жиналыс өтетінін атап өтті.

Дөңгелек үстел соңында сот төрағасы Б.Ж.Есенов сот актілері бәрiне бiрдей мiндеттi және  республикамыздың бүкiл аумағында бұлжытпай орындалуға жататындығын айта кетті.        

        

 

 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі