Әскери қызметкер полиция қызметкеріне пара бермекші болған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылы 28 қыркүйекте әскери бөлімнің келісім шарт қызметінің сержанты уәкілетті тұлғаларға ақшалай түрде заңсыз материалдық өтемақы ұсынған.

Уәкілетті тұлғалар ақшалай қаражаттан бас тартқан және сержантқа жауапкершілік туралы ескерткен, алайда құқық бұзушы оны ескермей, материалды өтемақыны қызметкерлер автокөлігінің салонында қалдырған.

Сотта әкімшілік жауапкершілікке тартылушы жасаған әкімшілік құқық бұзушылығын толық мойындаған.

Астана қаласы мамндандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен сержант ҚР ӘҚБтК 676 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және оған 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі