Сарыарқа аудандық сотында Наурыз мерекесінің құрметіне салтанатты жиын өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында Наурыз мейрамының құрметіне мерекелік іс-шара өткізілді.

Наурыз мерекесінің рөлі мен маңыздылығын айта келе сот төрағасы А.Жүкенов, қазіргі мезгіл яғни көктемгі жаңарудың уақытында біз болашаққа жоспар құрып, осы атаулы мерекені үлкен сенім, үмітпен байланыстырып және оның іске асуына ниеттенеміз деп атап өтті.

Сонымен бірге, төраға ұжымын келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, жұмыста сәттілік мен табыс, зор денсаулық және отбасыларына береке-бірлік тіледі.

Өз кезегінде қызметкерлер мерекелік дастархан жайып, Наурыз көже дайындады.

 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі