Сарыарқа аудандық соты «Сот кабинеті» ақпараттық сервисін қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының бастамасымен, Астана қаласының «Халықты жұмыспен қамту орталығы» ҚҚ-ның қолдауымен мамандар халық көп жиналатын орындарда ақпараттық түсіндірме іс-шараларын өткізді.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМҚК мен Астанадағы «Халықты жұмыспен қамту орталығы» ҚМК және сот мамандары халыққа «Сот кабинеті» қызметінің артықшылықтары туралы айтып берді, сондай-ақ осы қызмет арқылы электронды өтінімдерді беру тәртібі туралы кеңес берді.

Бұдан басқа, аталаған жүйеде  iOS, Android платформасында мобильді қосымшасы бар, оның көмегімен күнтізбедегі оқиғалар жасауға болады, сондай-ақ процестің қатысушысы болып табылатын сот отырысы туралы ақпаратты көрсету мүмкіндігі бар.

Кездесу соңында жүйемен және оның мобильдік қосымшасымен жұмыс істеу туралы ақпараттық анықтамалар таратылды.

 Сонымен қатар, «Сот кабинеті» қызметі сот төрелігіне қолжетімділікті жеңілдететіп, арызбен жүгінетін адамдар мен сот органдарының уақытын оңтайландыратындығын атап өткен жөн.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі