Наурыз мейрамына арналған салтанатты іс–шара

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін елордалық сотта Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

Іс–шараға Астана қаласы бойынша соттар Әкімшісі басшысының орынбасары А.М.Ибрагимов, бөлім басшылары, кеңсе меңгерушілері және Астана қалалық, аудандық және оларға теңестірілген соттардың мамандары қатысты.

Астана қаласы бойынша соттар Әкімшісі басшысының орынбасары А.М.Ибрагимов салтанатты шараның қатысушыларын мерекемен құттықтап, барлығына бақыт, береке мен жақсылық тіледі.

«Наурыз мейрамы - еңбек пен бірліктің  жалпыхалықтық көктем мерекесі. Бүгінгі күні бұл мейрам көпұлтты Қазақстанда тұратын барша халықтың сүйікті мерекесіне айналды»,- деп атап өтті А.М.Ибрагимов.

Салтанатты жағдайда сот мамандарына алғыс хаттар табыс етілді.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі