Мини – футбол бойынша турнир

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылы 17 маусымда Мемлекеттік қызметкерлер күні мерекесіне орай Астана қалалық сотының мамандары арасында мини – футболдан турнир өткізілді.

Турнирге Астана қалалық сотынан 1, аудандық және оған теңестірілген соттардан 5 команда қатысты.

Турнир салауатты өмір салтын насихаттау және ынталандыру мақсатында өткізілді.

Турнир қорытындысы бойынша 1 орынды «Астана қаласы бойынша соттар Әкімдігінің» командасы және екінші орынды Алматы аудандық сотының құрама командасы алса, үшінші орын Есіл аудандық сотының құрама командасына бұйырды.

Үздік шабуылшы болып Астана қаласында орналасқан соттардың қызметін қамтамасыз  ету бөлімінің бас маманы Азамат Пернебаев танылса, үздік қорғаушы атағын Есіл ауданының №2 аудандық сотының аға сот приставы Нұрдәулет Арыстанбеков иемденсе, Алматы ауданының №2 аудандық сотының іс жүргізу бойынша инспекторы Данияр Арыстанбеков үздік қақпашы атанды.

Турнир жеңімпаздары кубок және алғыс хаттармен марапатталды. 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі