Лицензияны дер кезінде тапсырмау әкімшілік жауапкерлікке жатады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

2017 жылы 16 тамызда салықтық тексеру өткізілді, онда «Е» ЖШС-ға алкоголь өнімдерін сақтау және сатуға мемлекеттік лицензияның берілмегені анықталды.

Сот отырысында анықталғандай, 2015 жылдың 6 қарашасында  кәсіпорын ҚР ӘҚБтК 283 бабының 2 бөлігімен жауапкершілікке тартылып, алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек саудада өткізу құқығынан айырумен 150 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған.

Сотта кәсіпорын басшысы өз кінәсін толық мойындады және лицензияны тапсырмағанын заңды білмегендігінен деп түсінік берді.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен «Е» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды және оған әкімшілік жаза ретінде 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар