Қылмыстық іс тараптардың татуласуымен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылы 25 қыркүйекте М. жарнама агенттігінде бола тұра, цех ғимаратынан құрылыс жабдықтарын жасырын жымқырған.

Жәбірленуші Т. сотта М.-ның зиянның орнын толтырғанын және медиативті келісімді бекіткендерін түсіндірді.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық іс қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі