Корпоративтік даулар бойынша сот тәжірибесі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Корпоративтік даулар бойынша сот тәжірибесі» тақырыбында судья Ш.Т.Даниярова, С.Т.Бертыбаева, сонымен қатар «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Республикалық және Астана қаласы нотариаттық палаталарының нотариустары, «Астана қаласының қазақстандық халықаралық арбитраждық соты» арбитрлары, «Тумар Мунай Ресурс» ЖШС-нің заң департаментінің басшысы, адвокаттар, заңгерлер және үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында судья Ш.Даниярова Азаматтық процестік Кодексінің 27-бабына сәйкес корпоративтік даулар бойынша азаматтық істер мамандандырылған экономикалық соттардың соттылығына жататындығын атап өтті.

2017 жылдың 9 айында сотқа  корпоративтік даулар бойынша 124 арыз келіп түскен, оның ішінде 111-і бойынша іс қозғалды, 53 іс бойынша сот шешімі шығарылды. Онымен қоса 53 арыз қараусыз қалдырылды.

Судья С.Т.Бертыбаева сотпен қаралған істердің басым көпшілігі жалпы жиналыстың, шаруашылық серіктестіктің атқару органдарының шешімдерін даулау туралы, сонымен бірге жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі үлестерді алу бойынша келісімшарттарды жарамсыз деп тану туралы даулар екендігін атап өтті.

Іс-шараның соңында қатысушылар Қазақстан Республикасының  «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңды талқылады.

 

 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі