Компания еңбек ақыны төлейді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ер адам «М» ЖШС-да Астана қаласындағы құрылыс жобасы басшысының лауазымында еңбек қатынасында тұрған.

Сотта анықталғандай,  компанияның қызметкердің алдында 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап  2 млн. теңгеден аса  мөлшерде еңбекақы бойынша берешек болған.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен жауапкерден еңбек ақы бойынша берешек сомасы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі