Көліктегі электр желісінің тұйықталу салдары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жауапкерге тиесілі «Audi-80» автокөлігінің қысқа электр желісінің тұйықталуынан өрт шыққан.

Соның нәтижесінде талапкердің көлігі зақымдалған.

Жылжымалы мүлікке келтірілген шығынды бағалау туралы есебіне сәйкес, талапкерге 500 000 теңгеден аса мөлшерде материалдық шығын келтірілген.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк немесе мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарына заңсыз iс-әрекеттермен (әрекетсiздiкпен) келтiрiлген зиянды, оны келтiрген тұлға толық көлемiнде өтеуге тиiс.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен талапкерден материалдық залал сомасы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі