Қоғамдық санада мемлекеттік тілде сөйлеушінің беделді бейнесін қалыптастыру және орнықтыру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Есіл аудандық сотында мамандардың қатысуымен мемлекеттік тілдің дамуын талқылау бойынша семинар өтті.

Семинар барысында соттың жетекші маманы М.Аманбек мемлекеттік қызметте қазақ тілінде сөйлеушінің беделді бейнесін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі және де «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңының 8-бабына сәйкес, мемлекеттiк тiл Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмыс және iс қағаздарын жүргiзу тiлi болып табылады, орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады. Сондықтан, сот ісін жүргізу, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін, мемлекеттік тілдін білу деңгейін арттыру қажет.

Семинар соныңда қатысушылар өзара пікір алмасты.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі