«Қазақтелеком» АҚ-ы кәсіпорын қызметкерімен татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ер адам құбыр құрылысы бойынша жұмыстарды жүргізу барысында «Қазақтелеком» АҚ-ның жер асты байланыс кабелін қиып өткен.

Жауапкер телекоммуникациялық желілер күзет аймағындағы заңнама нормаларын бұзу салдарынан, компанияға кабель байланысын қалпына келтіру және тарифтік табыс шығындар есебімен залал келтірген.

Сот талқылауы барысында тараптардан сотқа медиациялық келісім ұсынылған, оған сәйкес жауапкер келтірген залал сомасын толық көлемде өтеуге міндеттенді, өз  кезегінде талапкер өз талаптарынан бас тартты.

 Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының анықтамасымен медиативті келісім бекітіліп, азаматтық іс бойынша өндіріс тоқтатылды.        

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі