Қарызды сот арқылы қайтару

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «М» ЖШС-нің «И» ЖШС-нен қарыз сомасын өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, 2014 жылы жасалған мердігерлік шартқа сәйкес, «М» ЖШС «Автомобильный многофункциональный комплекс» объектісінде канализация жүргізу және сумен жабдықтау жүйесін монтаждау бойынша жұмыс орындауға міндеттенеді, ал «И» ЖШС орындалған жұмыс үшін төлем төлеуге міндеттенді.

Алайда «И» ЖШС өзінің міндеттемелерін толық көлемде орындамаған, сол себепті онда қарыз пайда болды.

Сот шешімімен тапсырыс берушіден қарыз сомасы өндірілді.

Шешім заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі