Есірткі затын аса ірі мөлшерде сақтағаны және сатқаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  ҚР ҚК-і 297 бабы 3 бөлігінің 3 тармағы бойынша Д.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, 2017 жылы 21 сәуірде Д. сату мақсатында  есірткі заты – героинді аса ірі мөлшерде сақтаған.

Сол күні Д. Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде пайдакүнемдік ниетпен К.-ге есірткі затын сатқан.

Сот үкімімен Д.-ға барынша қауіпсіздік жүйесіндегі қылмыстық-атқару мекемесінде жазасын өтеу арқылы, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі