Ер адам өз інісіне пышақ жарақатын салды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылы маусымда С. есірткіге масаң күйде, тұрғылықты жері бойынша інісі А.-ға келген, олардың арасында туындаған жанжал барысында,   А.-ның кеуде тұсына үш рет пышақ сұққан.

Алайда, А. өзін қорғау  барысында  шәйнектегі ыстық суды С.-ға шашып қарсылық көрсеткен, осылай оның қасақана өлтірмек болған қылмыстық әрекетіне тосқауыл жасаған.

Осыдан кейін А. болған жайды әйеліне айтқан, ол жедел көмек бригадасын шақырған.  Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында А. өлімнен аман қалады.

Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен С. ҚР ҚК 24 бабының 3бөлігі – 99 бабының 1 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі