Елорданың орталық базарындағы заңсыз миссионерлік қызмет

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылы 29 мамырда Астана қаласының ІІД-не орталық базарда  заңсыз түрде намазхан жұмыс істейтіні, онда өздерін имам деп атайтын белгісіз тұлғалардың заңсыз миссионерлік қызметпен айналысып жатқаны туралы жедел ақпарат жеткен.

Сотта анықталғандай, «Намазхана» намаз бөлмесі жергілікті атқарушы органдардың келісімінсіз жұмыс істеген.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты кәсіпорынды ҚР ӘҚБтК-нің 490 бабы 1бөлігінің 1 тармағымен әкімшілік жауапкершілікке тартып, әкімшілік жаза ретінде 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салды.

Құқық бұзушылық бірінші рет жасалуына байланысты, сот ӘҚБтК –нің 819 бабының 2 бөлігін қолданып, айыппұл мөлшерін 30%-ға азайтты.

Қаулы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі