Елордалық сот жаңа судьялармен танысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Елордалық сотта Астана қалалық сотының төрағасы Т.Е.Бәрпібаев Астана қаласының аудандық және оған теңестірілген соттардың жаңадан тағайындалған судьяларды таныстырды.

         Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 14 маусымдағы №499 Бұйрығымен қалалық соттың судьясы лазауымына А.К.Тлеубаева, А.К.Канбаев, Есіл ауданының №2 аудандық сотының төрағасы лауазымына Б.Ж.Есенов, Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының төрағасы лауазымына Г.П.Насирдинов тағайындалды. Судья лауазымына Алматы аудандық соты Г.Б.Сейтхожина, Есіл аудандық соты К.А.Ермаганбетова, Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты Б.Н.Нұржан, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты А.С.Дощанова, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Э.Е.Ебенбаева тағайындалды.

Жаңадан тағайындалған судьялар салтанатты түрде ант қабылдады.

Астана қалалық сотының төрағасы судьяларға елордалық соттарда сот төрелігін іске асыруда білімдері мен кәсібилігін пайдалана отырып күш салып, мемлекет Басшысының сенімін ақтауды тіледі.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі