Ажырасқаны үшін кек алу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында бұрынғы әйелі К.-ны қудалаған К.-ға қатысты іс қаралды, ол күнделікті оны үйдің ауласында немесе жұмысқа барар жолда  күтіп алып, бастан аяқ айран құйған.

Бұл отбасылық қатынастың оқиғасы былай болған. Бір жыл бұрын кәмелеттік жасқа толмаған 5 баланың анасы - азаматша К. куйеуі К.-ның  ұрып соғуынан шаршап, өзін және балаларын отбасылық жанжалдардан қорғауға тырысып, ресми түрде ажырасқан. Алайда бұрынғы күйеуі К. оны жайына қалдырмады.

Осыған байланысты, сот 2017 жылы 29 тамызда әйелін ұрып-соққаны үшін  істі қарау барысында аз.К.-ға қатысты уәкілетті органның талабы бойынша, арнайы талаптарды белгіледі, атап айтқанда, 3 ай аралығында жұбайы К.-ға қатысты ешқандай әрекет жасамау, іздестіруге, оған баруға, ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және басқа да жолдармен  байланыста болмау.

2017 жылдың 22 қыркүйегінде қорғау үшін қабылданған шараларға қарамастын, аз.К. таңертен ертемен бұрынғы әйелін аңдып, оны тағыда айранмен құйып, дене жарақаттарын келтірген.

Судьяның әрекетінің себебі туралы сұрағына аз.К. әйелімен қосылып, отбасын қайтарғысы келетінін, осылайша оның назарын аударуға тырсатынын айтқан.

Сотпен аз.К. сот шешімін орындамағыны және сот актісінің орындалуына жауапсыздықпен қарағаны үшін, сондай-ақ жәбірленушінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын әрекеттер жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-ның 669 бабы бойынша жауапкершілікке тартылып, 3 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі