АЗАМАТТАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Нұр-Сұлтан қаласы соттарының жекелеген судьялары мен мамандарында Сovid-19-ның анықталуына байланысты елордалық соттарда 2020 жылғы 24 маусымнан 3 шілдеге дейін карантин енгізілді.

Сот істерін онлайн қарау кейінгі қалдырылды. Осы уақыт аралығында әкімшілік істер, бұлтартпау шарасын санкциялау, күзетпен ұстау мерзімін ұзартумен байланысты материалдар және кейінгі қалдыруға жатпайтын бөлек материалдар қаралады.

Аталмыш шаралар лажсыз болып табылады және азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған.

Түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Өздеріңіз бен жақындарыңызды сақтаңыздар!

 

 

Қайнар: 
Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметі