Астана қаласында «Отбасы – Ұлы құндылық» монументінің салтанатты ашылу рәсімі өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

2017 жылғы 18 наурызда Астана қаласы Кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында дәстүрлі отбасылық құндылықтарға бағышталған «Отбасы – Ұлы құндылық» мүсіндік композициясының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Монументтің салтанатты ашылуына Жоғарғы Соттың судьялары Г.Б.Аққуова, З.Б.Кейкібасова, У.А.Сүлейменова, Астана қалалық сотының төрағасы Т.Е.Бәрпібаев, ювеналды соттың төрағасы Н.Р.Раззақ, Астана қаласының аудандық және оған теңестірілген соттардың өкілдері мен отставкадағы судья И.И.Керн, ювеналды полицияның өкілдері, ҮЕҰ және халықаралық ұйымдар (ЭНИСЕФ, PRI, Қазақстандағы Европалық одақ), мүсіндік композицияның авторы Р.Ж.Абенов қатысты.

Ювеналды соттың ғимараты алдына қойылған монументтің авторы мүсінші Р.Ж.Абенов. Монументті құрудың  бастамашысы ретінде ҚР Жоғарғы Соты танылады. Көп пішінді «Отбасы – Ұлы құндылық» мүсінді композициясы стильді пішінді композицияны білдіреді.

Астана қалалық сотының төрағасы Т.Е.Бәрпібаев, ескеркіштің құрылуына үлес қосқан барлық азаматтарға алғысын білдіріп, композиция бірліктің, толыққанды отбасының маңыздылығы мен қолдауын,  рухани байланысқан, тұрмысы ортақ және өзара моральді жауапкершілікпен құралған некеге негізделген жұбайлардың, балаларын қосқанда,  қоғамның ұясы болып табылатынын тілге тиек етті.

Ресми бөлімнен кейін қонақтар ескеркішке гүл шоқтарын қойды.

 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар