Астана қалалық соты шетелдік қонақтарды сот жүйесіне енгізілген технологиялармен таныстырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

         Бүгін елордалық сотқа Қырғызстан Республикасы Жоғарғы Сотының делегациясы келді.

         Сот жұмысын ұйымдастыруды зерделеу шеңберінде шетелдік қонақтарға заманауи ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері көрнекі түрде көрсетілді.

         Сонымен бірге, республика соттарында сот процестерінде дыбыс-бейне жазба жүйесінің белсенді түрде жүргізіліп отырғандығы және аталған жүйенің барлық сот залдарында 100 пайызға жабдықталғаны айтылды. Бұл жұмыс «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 20 қадамына сай жасалынып отыр.

         Одан әрі қонақтар Қазақстан Республикасының құқық және тарих мұражайын аралады, ол жерде олар түрлі экспонаттар, құжаттар мен фотосуреттер, сондай-ақ, тарихи құндылығы бар би соттарының атрибуттарымен танысты.

          Кездесуді қорытындылай отырып, Қырғызстан Республикасы Жоғарғы Сотының өкілдері сот жүйесіне енгізілген жаңа ақпараттық технологиялармен таныстырғаны үшін сот басшылығына алғыс білдірді.        

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі