Алматы ауданының №2 аудандық сотының судьялары студенттермен кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында Қазақ гуманитарлы-заң университетінің студенттеріне «Ашық есік күні» өткізілді.

«Ашық есік күні» жастар арасында құқықтық тәрбиені арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында судья Н.Баяхметов студенттерге сот тарихы, сот этикасының жаңа Кодексі, заманауи ақпараттық технологиялардың енгізілуі туралы айтып өтті.

Шара шеңберінде студенттер үшін сот ғимаратына экскурсия ұйымдастырылды, соның барысында олар сот мамандары мен кеңсенің жұмыстарымен танысты.

Кеңсе меңгерушісі А.Шыныбеков мемлекеттік қызметке түсушілерге қойылатын талаптар мен ережелер бойынша түсініктеме берді.

 

 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі