Алматы аудандық сотында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Алматы аудандық сотында судьялардың қатысуымен «Жемқорлықпен күрес»  тақырыбында семинар өткізілді.

Жұмыс барысында төрағаның м.а. М.Қасымова жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін түсіріп, мемлекетіміздің экономикалық дамуына кедергі келтіретінін атап өтті.

««Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңы мемлекеттік басқарудағы демократиялық қағидаттарды, жариялылықты және бақылауды кеңейтуге, мемлекетке деген қоғамның сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметке тұратын мамандарды ынталандыруға, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың адалдығына жағдай жасауға бағытталған», - деп атап өтті М.Қасымова.

Семинар соңында қатысушылар қоғамда жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру еліміздегі жемқорлықты жояды деген ортақ шешімге келді.

 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі