Алматы аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Астана қаласы Алматы аудандық сотында «Жеке тұлғалардан салық берешегін өндіру кезінде туындайтын өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына сот судьялары, Астана қаласы Алматы   ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының өндірістік емес төлемдер бөлімінің басшысы Кайрат Орынтайулы Турлыбеков және Астана қаласы Алматы ауданының прокуроры Азамат Ибрагимұлы Тасқұлов қатысты.

Судья А.Е.Молдыбаева, Салық кодексінің  55-бабында бекітілген салық  және  бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері туралы айтып берді.

Қатысушылар жеке тұлғалардан салық берешегін өндіру кезінде туындайтын мәселелерді талқылады.

Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі