5 жылға дейін біздің елге кіруге тыйым салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

2017 жылы 1 қазан күні Астана қаласы теміржол вокзалының жанында полиция қызметкерлерімен Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталды.

Құжаттарын тексеру барысында азаматтың бұрын Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны және  елімізден шығару түрінде жазаланғаны анықталды, алайда заңды күшіне енген сот шешімі орындалмаған.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының үкімімен шетелдік азамат жасаған қылмыстық ісі үшін ҚР ҚК 393 бабымен  кінәлі деп танылып, оған 25 АЕК көлемінде айыппұл түрінде жаза және Қазақстан Республикасынан 5 жыл мерзімге дейін шығару жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар